«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе...»

28.09.2020

Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйғарымымен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ІІ, ІІІ, ІҮ курс студенттері арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты облыстық Абай оқуы ZOOM платформасында өтті. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өткен Абай оқуы қатысушылардың Абайдай ұлыны ұлықтап, тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Қатысушылар ЗУМ алаңыда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі – Абай Құнабайұлының шығармаларын және Абай әлемін бүкіл әлемге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділер оқып, проза мен поэзияны көркемдеп оқу шеберліктерін көрсетті. Байқау оқытылуы мемлекеттік тілде жүргізілетін және мемлекеттік тілде оқымайтын өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізіліп, 31 қатысушы бақтарын сынады. Байқау барысында Аққайың ауданының Аграрлық колледжі мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің Абай Құнанбаев поэзиясын және «Абай жолы» романын оқуға деген қызығушылықтарының зор екендігі аңғарылды. Әділқазылар алқасының төрайымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерлерiнiң әскери институты Тілдік дайындық кафедрасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты, капитан Саркенқызы Ақмарал қатысушыларды жеңісімен құттықтады. І жүлделі орын Абайдың 30 өлеңін жатқа білетін Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ІІ курс студенті Жұмақмет Қарақат жеңіп алды. ІІ жүлделі орынды Гуманитарлық техникалық колледж студенті – Сержанов Нұрсұлтан Бақбергенұлы мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ІҮ курс студенті Азаматқызы Аққу бөлісті. ІІІ жүлделі орынға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ІІІ курс студенттері Шамшиден Мархаба мен Шахина Айдана ие болды. Өзге ұлт өкілдерінің арасында І жүлделі орын Абайдың 26 өлеңін жатқа білетін Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ІІ курс студенті - Шелест Александр, ІІ жүлделі орын Аққайың ауданының Аграрлық колледжінің студенті- Ганчарова Анжелика Сергеевна мен И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенті - Усольцев Диас, ІІІ жүлделі орын Аққайың ауданының Аграрлық колледжінің студенттері - Урбанавичюс Алина Петровна мен Пичугова Валентина Викторовна ие болды. Абай оқуына қатысушылардың барлығына сертификат, жетекшілеріне алғыс хат, ал жүлделі орындарға ие болған қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен білім алушыларына үлкен алғысымызды білдіре отырып, Абай барлық қазақ халқының мақтанышы, ұлттық намысы болып жастардың жүрегінде жатталса дейміз! Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст